jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Өскемендегі зауыт жарылысы: қаза тапқандар саны артты

    зауыттағы жарылыс
    Фото: instagram.com/shko.akim.official

    Өскемендегі ірі зауыттардың бірінде болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір азамат ауруханада қайтыс болды. Бұл туралы Almaty телеарнасы хабарлайды.

    1980 жылы туған жұмысшы оқиға кезіндеденесінің 90 пайыздан астамын күйік шалып, жан сақтау бөліміне аса ауыр халде түскен болатын. Ер адамның өмірін сақтап қалу үшін Астанадан арнайы дәрігерлер де шақырылғанымен, медицина мамандарының талпынысы нәтиже бермеді,

    Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 мамыр күні мырыш пен қорғасын өндіретін кәсіпорында болған еді. Шаң жинау құрылғысы жарылып, арты өртке ұласқан апат салдарынан бес адам зардап шегіп, бұған дейін екі жұмысшының қаза тапқаны хабарланған болатын. Осылайша, бұл оқиғадан мерт болғандардың саны үшке жетті.

    Қазіргі уақытта тағы бір науқас санавиация желісімен елордаға жеткізілді. Бүгін Астанада оның омыртқасына күрделі ота жасалды.

    Кәсіпорын әкімшілігі қайтыс болған қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетілетінін мәлімдеді. "Қазцинк" ЖШС басқарушы директоры Андрей Лазарев компания атынан көңіл айтып, қолдау шараларын атап өтті:

    "Біз марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазір оларға барлық қажетті қолдау көрсетілуде. Компания тарапынан оларға 10 жылдық жалақы мөлшерінде өтемақы беріледі", - деді Андрей Лазарев.

    Өскемендегі зауыт жарылысы: қаза тапқандар саны артты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.