jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Астанада үш бірдей жер үй өртке оранды (фото)

    Астанада үш бірдей жер үй өртке оранды
    Астанада үш бірдей жер үй өртке оранды. Фото: t.me/qr_tjm/38470

    Астананың Байқоңыр ауданындағы Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрліінің баспасөз қызметі.

    Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.

    "Өртті сөндіру жұмыстары қалың түтін салдарынан қиындап отыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген хабарламада.

    Артынша министрліктің баспасөз қызметі қабылданған шаралар нәтижесінде өрт оқшауланғанын хабарлады.

    Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, екі жеке тұрғын үйдің шатырында және бір шаруашылық құрылыста өрт шыққан.

    Қазіргі уақытта ашық жану тоқтатылып, жасырын жану ошақтарын болдырмау мақсатында су құю және құрылымдарды бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Құтқарушылар жедел түрде жану аймағынан 5 газ баллонын шығарып, ықтимал жарылыстың алдын алды. ТЖМ күштері өртті толықтай сөндірді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Астанада үш бірдей жер үй өртке оранды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.