jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жамбыл облысында ұшқышсыз ұшу аппараты штаттан тыс қонды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

    Ұшқышсыз ұшу аппараты
    Ұшқышсыз ұшу аппараты. Иллюстрациялық фото: Olena Bartienieva/Getty Images

    Жамбыл облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының штаттан тыс қонуына байланысты Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымда ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына штаттан тыс қонған.

    "Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ.

    Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

    Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілген. Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

    Жамбыл облысында ұшқышсыз ұшу аппараты штаттан тыс қонды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.