jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты: 40 адам эвакуацияланды

    өрт
    Тұтанған от. Көрнекі фото: pexels.com

    Ұлытау облысы Қаражал қаласының Жәйрем кентінде бес қабатты қонақүйдің шатыры мен жиһаздары өртенді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген сәтте ғимараттың шатыры мен жиһаздары жанып жатқан.

    "Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толық сөндірілді. ТЖМ және "Зевс-Энерго" МӨҚҚ күштерімен ғимараттан 40 адам, оның ішінде 8 бала эвакуацияланды", - делінген хабарламада.

    Зардап шеккендер жоқ.

    Ұлытау облысында қонақүйден өрт шықты: 40 адам эвакуацияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.