jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Түркістан облысында жолаушылар пойызы 5 жасар баланы басып кете жаздады

    Жолаушылар пойызы
    Жолаушылар пойызы. Иллюстрациялық фото: t.me/railways_kz

    Түркістан облысында жолаушылар пойызының машинисі қайғылы жағдайдың алдын алып, бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолының" баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға 20 маусымда сағат 15:08-де Түркістан – Шиелі учаскесінде, Шорнақ станциясы ауданында болған.

    №7/8 Алматы-2 – Саратов бағытындағы жолаушылар пойызы темір жолда қалған бес жасар баланы басып кете жаздаған.

    Абырой болғанда 70 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан пойыздың локомотив бригадасы шұғыл тежегішті басып, қайғылы жағдайдың алдын алған. Пойыз 4 минутаққа кешіккен.

    "Теміржол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз болды. Локомотив бригадасының кәсібилігі мен қырағылығының арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді", - делінген хабарламада.

    ҚТЖ ата-аналарды балаларды теміржолдар жанында қараусыз қалдырмауға және оларға теміржол көлігі объектілерінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіруге шақырады.

    Түркістан облысында жолаушылар пойызы 5 жасар баланы басып кете жаздады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.