Абай облысында көл маңындағы 30 гектар жерді өрт шалды
Жарияланған күні:
Абай облысы Сасықкөл маңындағы 30 гектар жер өртеніп жатыр. Өрт ошағы "Ғарыш Сапары" АҚ геопорталы арқылы анықталды. Елді мекендерге қауіп жоқ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай облысының Үржар ауданындағы Қарақол ауылдық округінің Перешейка учаскесіндегі өрт туралы ақпарат "Ғарыш Сапары" АҚ геоақпараттық сервисінің арқасында белгілі болды.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жіберілген.
"Барлау барысында Сасықкөл көлінің жағалауындағы адам жетуі қиын батпақты аумақта шамамен 30 гектар жерде құрғақ шөп пен қамыстың жанғаны анықталды", - делінген хабарламада.
Өрт ошағына өрт сөндіру техникасының бара алмауы салдарынан сөндіру жұмыстары қиындап отыр. Соған қарамастан ТЖМ құтқарушылары өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын жүргізуде.
Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2394340-abai-oblysynda-kol-mangyndagy-30-gektar-zherdi-ort-shaldy/