Алматы аудандарының бірінде тұрғындар эвакуацияланып жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматының Наурызбай ауданында тұрғындарды сел жүру қаупіне байланысты эвакуацияланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласының Наурызбай ауданында сел қаупіне байланысты Ақсай өзенінің бойында тұратын тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін олар уақытша аудан мектептерінде құрылған қабылдау пункттеріне орналастырылуда", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдемесінде.
Ведомство мәліметінше, жедел әрекет ету орталығы құрылды және азаматтық қорғаныс қызметтері жұмыс істеп жатыр. 8 (727) 279-22-32 нөмірі бойынша сенім телефоны ашылды. Төрт қоңырау келіп түсті.
"Барлық іс-шара жоспар бойынша өткізілуде және жағдай бақылауда", - деп сендірді тұрғындарды олар.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін құтқарушылар Алматы тұрғындары мен туристерге тауға бармау туралы ескерту жариялаған еді. Сондай-ақ кейбір алматылықтардың ұялы телефонына Наурызбай ауданындағы сел туралы ұлттық дабыл келді. Құтқарушылар бұл алдын алу шарасы екенін айтты.
Сонымен қатар желіде Ақсай өзеніндегі жағдай туралы кадрлар жария болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2394966-almaty-audandarynyng-birinde-turgyndar-evakuatsiialanyp-zhatyr/