Алматы облысында тасқын қаупіне байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды
Жарияланған күні:
Алматы облысында нөсер жауын-шашын салдарынан облыстық маңызы бар КВ-49 "Үлкен Алматы каналы бойындағы автомобиль жолында" көліктің барлық түрі үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД мәлім етті.
Алматы облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, шектеу 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.
Мамандардың айтуынша, Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аумақта жауған нөсерден кейін Түрген өзеніндегі судың деңгейі көтеріліп, ағысы күшейген. Соның салдарынан жол қозғалысының қауіпсіздігіне қауіп туындап, көпірді су шайып кету қаупі артқан.
Осыған байланысты аталған автожолда барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Жауапты мекеме жүргізушілерден жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді қатаң сақтауды сұрады.
Мамандар тұрғындарды сақтық шараларын ұстанып, ресми органдардың хабарламаларын назарда ұстауға шақырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2395153-almaty-oblysynda-tasqyn-qaupine-bailanysty-zhol-qozgalysyna-shekteu-qoiyldy/