jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Түрген өзені бойындағы автожол мен демалыс аймақтарын су басты: жедел штаб құрылды (видео)

    Түргендегі демалыс аймақтары
    Түргендегі демалыс аймақтары. Кадр: instagram.com/enbekshikazakh_audan_akimdigi

    Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі су деңгейінің көтерілуі салдарынан "Түрген — Асы" автожолының 25-шақырымындағы жол бөлігін су басқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сондай-ақ Түрген өзенінің бойындағы аумақтардың су астында қалғаны тіркелді. Атап айтқанда, 6-9 шақырым аралығында 6 киіз үй және «Түргенсай» демалыс аймағы орналасқан. Қолдан жасалған жаяу жүргіншілер көпірлері ішінара зақымдалған.

    "Тексеру барысында Үлкен Алматы каналының (ҮАК) бойындағы автожолдың 54-шақырымында орналасқан көпірдің су өткізгіш құрылымы айналасындағы топырақты су шайып жатқаны анықталды. Аталған көпір 2024 жылы апатты жағдайда деп танылған болатын. Жұмыстарды үйлестіру мақсатында ауданы әкім, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер, полиция, төтенше жағдайлар қызметтері мен басқа да мүдделі мемлекеттік органдар жетекшілері мен бастықтарының қатысуымен жедел штаб ұйымдастырылды", — деп хабарлады әкімдіктен.

    Қазіргі уақытта туристік нысандар мен туристік аймақтарда болған демалушыларды эвакуациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД облыстық маңызы бар КВ-49 «БАК каналы бойындағы автомобиль жолы» автожолында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Шектеу Еңбекшіқазақ ауданындағы таулы аумақта нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген өзенінің ағысы күшейіп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төнуіне байланысты енгізілді.

    Түрген өзені бойындағы автожол мен демалыс аймақтарын су басты: жедел штаб құрылды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.