Сел қаупі: ТЖМ өкілдері Алматы өзендеріндегі су деңгейі туралы айтты
Жарияланған күні:
Алматы ТЖД өкілдері Үлкен Алматы, Кіші Алматы және Ақсай өзендеріндегі қазіргі жағдай туралы мәлімет берді. Құтқарушылардың айтуынша, қазір Алматыдағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, ТЖМ бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерге тәулік бойы мониторинг жүргізіп жатыр. Олардың айтуынша, Алматыдағы гидрологиялық жағдай тұрақты. Өзендердегі су деңгейінің көтерілуі байқалмайды.
"Алдын алу іс-шаралары аясында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен Ақсай өзенінің қорғаныс бөгеті маңындағы арнасын нығайту және тазарту жұмыстары аяқталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өзендегі су деңгейі айтарлықтай төмендеді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ бүгін мореналық көлдер мен өзен бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар ТЖМ қызметкерлері Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің бассейндеріне үздіксіз мониторинг жүргізуде.
Жағдайды бақылау мақсатында мониторингтік бекеттерде Алматы қаласы ТЖД, Құтқару қызметі, "Барыс" республикалық құтқару қызметі, ТЖМ "Қазселденқорғау" мекемесі және Полиция департаментінің 130-дан астам жеке құрамы мен 20 техникасы жұмылдырылған.
Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2395252-sel-qaupi-tzhm-okilderi-almaty-ozenderindegi-su-denggeii-turaly-aitty/