jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Өзен жағалауын су шайып, топырақ сырғыған: Алматы маңындағы аудандардың бірінде ТЖ жарияланды

    Қарасай ауданы
    Қарасай ауданы. Фото: gov.kz

    Алматы облысының Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек, бүгін, 2 шілдеде сағат 06:50 шамасында Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылындағы "Ақсай карьері" ЖШС аумағында Ақсай өзенінің жағалауын су шайып, карьердің солтүстік-батыс бөлігіндегі топырақ сырғыған.

    "Оқиға орнына тиісті қызметтер жедел түрде жіберілді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы 9 жеке тұрғын үйдің тұрғындары уақытша қауіпсіз жерге көшірілді. Мамандар аумақты тексеріп, жағдайды тұрақтандыруға бағытталған қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

    Әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта инженерлік және қалпына келтіру жұмыстары кешенді түрде атқарылып жатыр. Жұмысқа барлығы 19 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

    Қалыптасқан жағдайға байланысты Қарасай ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланған.

    "Бұл шешім қажетті жұмыстарды жедел жүргізіп, тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді. Алматы облысының қалған аудандарында жағдай тұрақты.

    Жүргізіліп жатқан жұмыстар Алматы облысының әкімі мен салалық мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

    Тұрғындарды сабыр сақтауға, уәкілетті органдардың ұсыныстарын орындауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз", - делінген хабарламада.

    Өзен жағалауын су шайып, топырақ сырғыған: Алматы маңындағы аудандардың бірінде ТЖ жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.