Air Astana ұшағы үш сағат бойы аспанда ұшып жүріп, Алматыға оралды
Жарияланған күні:
Алматыдан Астанаға ұшып шыққан Air Astana ұшағы бірнеше мәрте қонбақ болып, қона алмаған. Осылайша ол Алматыға қайтуға мәжбүр болған. Бұл оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы-Астана бағыты бойынша КС641 рейсімен ұшып шыққан Air Astana ұшағы қолайсыз ауа райы салдарынан Алматыға қайтуға мәжбүр болған. Бұл туралы әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
Тасымалдаушының ақпаратынша, экипаж бастапқыда Астанаға, кейіннен Қарағандыға қонуға талпынған. Алайда ауа райының қолайсыздығы рейсті қауіпсіз аяқтауға мүмкіндік бермеген. Жолаушылар ұшақ ауада үш сағаттан артық ұшып жүргенін, содан соң Алматыға қайта оралғанын айтты.
Air Astana баспасөз қызметі NUR.KZ порталына аталған жайтқа қатысты пікір білдірді.
"Астана мен Қарағандыдағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты Алматы-Астана бағыты бойынша КС641 рейсімен ұшып шыққан ұшақ Алматыға қайта оралды. Қазір ол Астанаға қайта ұшып шығады", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2395576-air-astana-ushagy-ush-sagat-boiy-aspanda-ushyp-zhurip-almatyga-oraldy/