jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Жағдай тұрақты": Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Тараз қаласы
    Тараз қаласы. Фото: Gov.kz

    Бүгін, 4 шілде таңғы сағат 4:40-та Алматы қаласының батысқа қарай 413 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. ТЖМ жер сілкінісі Таразда сезілгенін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2026 жылғы 04 шілде Астана уақытымен 04 сағ. 40 мин. ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

    Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 413 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан", - делінген хабарламада.

    Сонымен бірге ТЖМ жер сілкінісін Тараз қаласының тұрғындары сезгенін айтады (2 балл).

    Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ.

    Артынша ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін қауіпті және сел қауіпті учаскелерді зерттеу бойынша мониторинг жүргізді.

    Сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеріп шыққан.

    "Тексеру нәтижелері бойынша зақымдану табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.

    Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.

    Ведомство тұрғындарға жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадамды еске салды.

    "1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз; 2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз; 3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз; 4. Жасырынатын жерді табыңыз - жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз; 5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда); - көп қабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз; 6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз; 7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет); 8. Электр желілерден , ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз; 9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз; 10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз", - деп еске салды министрлік баспасөз қызметі.

    "Жағдай тұрақты": Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.