Алматыда тұрғын үйден өрт шықты: зардап шеккендер бар
Жарияланған күні:
Алматыда өрт кезінде құтқарушылар сегіз адамды аман алып қалды. Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатынан шыққан. Салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бостандық ауданының өрт сөндіру бөлімшелері Клочков көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде шыққан өрт туралы хабарлама бойынша жедел түрде оқиға орнына шықты.
Алғашқы бөлімшелер келген кезде пәтерді толықтай өрт шарпығаны анықталды. Қарқынды жанудың салдарынан қою түтін тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Өрт ошағына қол жеткізу үшін құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен құлыптаулы есікті ашты.
Құтқару жұмыстары барысында ТЖМ қызметкерлері тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Құтқару қалпақтарының көмегімен түтін басқан аймақтан 8 адам құтқарылды, 2 адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2396134-almatyda-turgyn-uiden-ort-shyqty-zardap-shekkender-bar/