jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Елімізде бір күнде 6 орманда өрт тіркелді

    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші.
    Орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндіруші. Көрнекі фото: t.me/qr_tjm

    Бүгін, 9 шілдеде еліміздің бірнеше өңірінде орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология министрлігі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    2026 жылғы 9 шілдеде еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 6 орман өрті тіркелді.

    Ведомство мына деректерді ұсынды.

    "Өңірлер бойынша:

    • Жамбыл облысы - 1 өрт;

    • Наурызым қорығы – 1 өрт;"

    • "Баянауыл" МҰТП - 1 өрт.

    • "Семей орманы" МОТР - 1 өрт;

    • "Ертіс орманы" МОТР – 2 өрт.

    "Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе патрульдеуі барысында және ерте анықтау жүйелері арқылы дер кезінде сонымен қатар мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.

    Өртті сөндіру жұмыстарына мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары және арнайы техника жұмылдырылды.

    Өрт қауіпті кезеңде азаматтарды, табиғат аясында демалушыларды және орман пайдаланушыларды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

    Орман – баршамызға ортақ байлық. Оны сақтау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!", - делінген хабарламада.

    Елімізде бір күнде 6 орманда өрт тіркелді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.