jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Кішкентайларын көтеріп алып шықты": Абай облысында өрт ошағына жақын жазғы лагерьден 190 бала эвакуцияланды

    Эвакуация
    "Семей орманындағы" өрт. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Абай облысында орман өртеніп жатыр. Полиция қызметкерлері өрт ошағына жақын орналасқан балалар лагерінен 190 баланы және 20 қызметкерді қауіпсіз жерге эвакуациялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

    ІІМ-нің ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, өрт туралы хабарлама түскен алғашқы минуттардан бастап полицейлер лагерьге шұғыл жетіп, эвакуация жұмыстарын бастады.

    Балалар арасында үрей туғызбау үшін оларды сабырмен әрі ұйымдасқан түрде шығарды. Ең кішкентайларын қызметкерлер көтеріп алып шығып, жұбатып, қауіпсіз жерге дейін алып жүрді.

    "Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Қауіпті аумақ қоршауға алынып, өрт ошағына апаратын жолдар жабылды, арнайы техниканың кедергісіз қозғалысы қамтамасыз етілуде. Полицейлер қоғамдық тәртіпті сақтап, эвакуацияланған тұрғындардың мүлкін күзетіп тұр", - деп жазады басылым.

    Жұмыс төтенше жағдайлар министрлігі, экология және табиғи ресурстар министрлігі, қорғаныс министрлігі және басқа да қызметтермен бірлесіп тәулік бойы жүргізілуде.

    Ішкі істер министрлігі азаматтарды төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінің талаптарын қатаң сақтауға, қауіпті аймаққа жақындамауға және арнайы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады.

    Еске сала кетейік, бүгін, 16 шілдеде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында өрт шыққанын хабарлағанбыз. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

    "Кішкентайларын көтеріп алып шықты": Абай облысында өрт ошағына жақын жазғы лагерьден 190 бала эвакуцияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.