jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Солтүстік Кипрде пышақ жарақатын алған қызға қатысты тың мәлімет шықты

    пышақ ұстаған жігіт
    Пышақ ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: GankaTt/Getty Images

    Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Кипрде ер адам қазақстандық қызға пышақпен шабуыл жасады деген ақпаратқа қатысты тың мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұған дейін Солтүстік Кипрде әлдекім қызға пышақпен шабуыл жасағаны туралы жазған едік. Оқиға салдарынан екеуі де ауруханаға жеткізілген, қазір дәрігерлердің бақылауында.

    Зардап шеккен қыз 22 жастағы қазақстандық болуы мүмкін екені, ал еліміздің Сыртқы істер министрлігі оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылды.

    Кейінірек Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне зардап шеккен қыздың Қырғызстан азаматы екенін мәлім етті.

    "Солтүстік Кипрдегі оқиға салдарынан зардап шеккен адамға қатысты мынаны хабарлаймыз: Деректерді нақтылау барысында зардап шеккен қыз Қазақстанда туған Қырғыз Республикасының азаматы екені анықталды", - делінген хабарламада.

    Солтүстік Кипрде пышақ жарақатын алған қызға қатысты тың мәлімет шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.