Алматы облысындағы таудан табылған адам cүйектерін алып түсу үшін тікұшақ аттанды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцов мұздығында адам сүйектері табылды. Оқиға орнына тікұшақ аттанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Қазавиақұтқару" әуе борты ұшып шықты.
Бортта "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар. Олар теңіз деңгейінен шамамен 4 300 метр биіктікте орналасқан Северцов мұздығынан адам сүйегін түсіру жұмыстарын жүргізеді.
"Сүйек түсірілгеннен кейін Алматы облыстық Полиция департаментінің қызметкерлеріне тапсырылады.
Жұмыс барысы биіктікке, аймақтың қолжетімсіздігіне, таулы жердің күрделі бедеріне, тік беткейлерге және биік таулы аймақтағы қатал жағдайларға байланысты күрделеніп тұр", - деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Талғар ауданындағы Северцов мұздығында Беларусьтен келген туристер тобы адам сүйектері мен туристік жабдықтарды тауып алғанын хабарлаған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2414870-almaty-oblysyndagy-taudan-tabylgan-adam-cuiekterin-alyp-tusu-ushin-tikushaq-attandy/
