jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Алматыда тұрғын үй кешеніндегі өрт: бір зардап шегуші қайтыс болды

    Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өрт
    Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өрт. Видеодан кадр: instagram.com/112almaty

    Алматыдағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен зардап шеккендердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды қалалық ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Алматы ТЖД-ның мәліметінше, 23 тамызда сағат 22:49-да "101" пультіне Әди Шәріпов көшесі, 145 мекенжайындағы 13 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

    "Алғашқы бөлімшелер 5 минутта оқиға орнына жеткен сәтте, екінші кіреберістің техникалық бөлмесі мен қабаттарында кабельдердің, сондай-ақ бірінші кіреберістің 7-13 қабаттарындағы электр қалқандарының отқа оранғаны анықталды.

    Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 23:57-де оқшауланып, 00:14-те толық сөндірілді. Құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, баспалдақ арқылы 148 адам, оның ішінде 9 бала құтқарылды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді.

    Зардап шеккендердің бірі ес-түссіз күйде табылды. Оқиға орнына келген медицина қызметкерлері реанимациялық шаралар жүргізгенімен, зардап шеккен адамды құтқарып алу мүмкін болмады", - делінген хабарламада.

    Өртті сөндіруге ТЖД-ның шамамен 90 қызметкері мен 25 арнайы техника жұмылдырылған.

    "Өрттің өршуіне өрт туралы хабардың кеш түсуі себеп болған. Тұрғындардың алдын ала мәлімет бойынша, автоматты өрт дабылы өрт сөндіру бөлімшелеріне қоңырау шалынғанға дейін бір жарым сағат бұрын іске қосылған. Алайда тұрғындар тарапынан өртке қарсы қызметке дер кезінде хабарлама түспеген.

    Бұған дейін өрт-техникалық тексеру нәтижелері бойынша анықталған өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылықтарын жою жөнінде жауапты тұлғаларға нұсқама берілген. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, кеше Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде өрт шыққаны белгілі болған еді.

    Алматыда тұрғын үй кешеніндегі өрт: бір зардап шегуші қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.