Қазақстанның шығысында жер сілкінді: зардап шеккендер мен зақымданған нысандар бар ма
Жарияланған күні:
Читать на русском
Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері еліміздің шығысында тіркелген жер сілкінісінен кейін өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру нәтижелері туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, сағат 19:31-де еліміздің шығысында жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде. Есептік қарқындылығы 2 балл болды. Жер сілкінісі Шығыс Қазақстан облысының Үлкен-Нарын ауылында сезілді.
Кейінірек ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ мамандары өзен арналарын, гидротехникалық құрылыстарды, көшкін және сел қаупі бар учаскелерді тексеру бойынша мониторинг жүргізгенін хабарлады.
Сондай-ақ ведомство тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
"Тексеру нәтижелері бойынша зақымданған ғимараттар табылған жоқ, қазіргі уақытта аталған объектілер штаттық режимде жұмыс істейді.
Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Жағдай тұрақты", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2417595-qazaqstannyng-shygysynda-zher-silkindi-zardap-shekkender-men-zaqymdangan-nysandar-bar-ma/
