Шымкенттегі газ құбырындағы өрт: ТЖ-ның себебі айтылды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Шымкентте өрт салдарынан 2 мыңға жуық абонент көгілдір отынсыз қалды – "QazaqGaz Aimaq" АҚ төтенше жағдайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарна сайтының мәліметінше, жалын жүк көлігі мен бұрғылау жабдығын шарпыған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртті сөндіріп, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеген.
Сол арада газ қызметі газ беруді жедел түрде тоқтатқан. Салдарынан 1,5 мың жеке үй, 340 пәтер және ондаған басқа да нысан газсыз қалған.
Жер қазу жұмыстарын жүргізген компанияға қатысты тексеру басталған. Компанияға техникалық қауіпсіздік ережелері бойынша бұған дейін де ескерту жасалғаны атап өтілді.
"18 тамызда филиал мамандары оқиға орнына келіп, газ құбырының қорғау аймағын көрсетті. Олар газ құбырының маңында техникамен жер қазу жұмыстарын жүргізуге болмайтынын, тек қолмен қазуға рұқсат етілетінін ескертті. Алайда мердігер ұйым мұны ескермей, көлбеу-бағытты бұрғылау жұмыстарын жүргізді. Соның салдарынан бұл апат болды", - деді "QazaqGaz Aimaq" АҚ Шымкент өндірістік филиалы бөлім бастығының орынбасары Эльдар Қуандықов.
Дереккөз: КТК
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкенттің Еңбекші ауданындағы газ құбырында өрт шыққанын жазған едік. Құтқарушылар жалынды сөндіріп, оның тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2418252-shymkenttegi-gaz-qubyryndagy-ort-tzh-nyng-sebebi-aityldy/
