Непалда сел кезінде жоғалған тағы бір қазақстандықты іздестіру жұмыстары жүріп жатыр
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Непалдағы сел кезінде жоғалған тағы бір азаматты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сыртқы істер министрлігінің өкілдері NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстанның екі азаматын іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар Непал мен Қытай шекарасындағы табиғи апат аймағында болған деп болжануда.
"Бұған дейін хабарланғандай, олардың біреуі туристік топ құрамында ел шекарасын кесіп өткен. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жергілікті мемлекеттік органдармен жұмыс істеп жатыр және отандастарымыздың туыстарымен байланыста", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қытай мен Непал арасындағы шекара маңында көшкін жүргені туралы хабарланған. Бұл көлік қозғалысына, байланысқа және электрмен жабдықтау жүйесіне кері әсер етті. Кейіннен селден мыңдаған адамның із-түзсіз жоғалуғаны белгілі болды. Оған жер сілкінісі және одан кейінгі көшкін себеп болды деп айтылуда.
Кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі отандастарымызға қатысты алғашқы мәліметтерді таратты.
27 тамызда туристік топ құрамында Қытайдан Непалға қарай шекара асқан қазақстандық туриске іздеу жарияланғаны хабарланды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2419627-nepalda-sel-kezinde-zhogalgan-tagy-bir-qazaqstandyqty-izdestiru-zhumystary-zhurip-zhatyr/
