jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Алматыда тұрғын үй маңында көлік өртенді

    Өрт
    Өртенген көлік. Фото: ТЖМ

    Алматыда құтқарушылар өртенген көлікті сөндірді. Оқиға тұрғын үйдің жанында болды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

    Бүгін Алматы қаласының Алатау ауданында, Райымбек даңғылының бойында, тұрғын үйдің маңында автокөлік өртенді. Өрттің ауданы 4 шаршы метрді құрады.

    "Құтқарушылар өртті 10 минут ішінде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

    Төтенше жағдайдар министрлігінің өкілдері өрт болған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласу керектігін еске салды.

    Еске салсақ, бұған дейін Алматының Түрксіб ауданына қарасты Қайрат шағынауданында өрт шығып, құтқарушылар түтін басқан ғимараттан үш мотоцикл мен жеңіл көлікті алып шыққанын жазған едік.

    Алматыда тұрғын үй маңында көлік өртенді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram