"Өмір бойы есінде қалады": Каспийдегі оқиға кезінде аман қалған сарбаз жағаға өзі жеткен
Жарияланған күні:

Каспий теңізіндегі трагедиядан аман қалған 19 жастағы сарбаз Бекет Қуандықтың анасы ұлының қазір өзін жақсы сезініетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақжайық. Ол жағаға өз күшімен жеткен.
"Ақ Жайық" бұған дейін Бекет Қуандық ауруханада деп хабарлаған еді. Алғашқы сағаттарда ақпарат аз болғандықтан, туыстары ұлының аман екенін білгенімен, оны ауруханаға жеткізді деп ойлаған. Тек таңертең Ақтауға жетіп, ұлымен кездескенде ғана оның ауруханада еместігін білген.
Басылым мәліметінше, Бекет Қуандық Атырау облысы Махамбет ауылының тумасы. Ол 2025 жылғы 3 қазанда әскерге шақырылып, №29011 әскери бөлімінде қызмет етіп жүрген.
Анасының айтуынша, қайғылы хабарды ести сала отбасы бірден Ақтауға жол тартқан.
"Аллаға шүкір, ұлым аман. Таңертең Ақтауға келіп, өз көзімізбен көрдік. Ол дін аман, өздігінен жүріп-тұрады. Сын сағатта өз күшімен жағаға жеткен. Қалған жағдайлар тексерістен кейін белгілі болады. Балаларымыз әлі жас, бұл оқиға олардың өмір бойы есінде қалады", - деді Карлығаш Мырзғалиева.
Ол сондай-ақ қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, бұл трагедияның бүкіл ел үшін ауыр екенін жеткізді.
"Бұл бүкіл Қазақстан үшін өте ауыр қайғы. Қазір әке-шешелерінің қандай күйде екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Барлық қаза болған жігіттердің әке-шешелеріне шын жүректен қайғырып көңіл айтамын. Енді ешкім мұндайды бастан кешірмесін", - деді ол.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы тергеу аясында анықталуда.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2433378-omir-boiy-esinde-qalady-kaspiidegi-oqiga-kezinde-aman-qalgan-sarbaz-zhagaga-ozi-zhetken/
