Каспийдегі қайғылы оқиға: министрлік тірі қалған үшінші әскери қызметші туралы айтты
Жарияланған күні:

Қорғаныс министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған үшінші әскери қызметші туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.
Министрліктің редакция сауалына берген жауабында тірі қалған үшінші әскери қызметшінің Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Никита Удалов екені айтылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, жағдайы жақсы, деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұған дейін тағы екі әскери қызметшінің аман қалғаны белгілі болған еді. Олар — Атырау облысының тұрғыны Бекет Қуандық және Маңғыстау облысының тұрғыны Ақжол Темірхан.
Оқиғадан кейін Ақжол Темірхан ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Келесі күні есін жиып, жағдайы тұрақтанған.
Бекет Қуандық та дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Бұған дейін оның ата-анасы Бекет Қуандықтың ауруханаға жатқызылмағанын, өзін жақсы сезінетінін және өздігінен жүріп-тұра алатынын айтқан болатын.
- Каспийдегі трагедия: әлем көшбасшылары қазақ еліне көңіл айтты
- Маңғыстау облысында қаза тапқан аға лейтенанттың денесі Түркістанға жеткізілді
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/emergency/2433591-kaspiidegi-qaigyly-oqiga-ministrlik-tiri-qalgan-ushinshi-askeri-qyzmetshi-turaly-aitty/
