jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    ШҚО-дағы тұрғын үйден әйел мен балалардың денесі табылды

    Үйдегі өрт
    Үйдегі өрт. Иллюстрациялық фото: pexels.com

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Бобровка ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жеткен.

    "Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.

    Өртті сөндіру барысында әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денелері табылды", - делінген хабарламада.

    63 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілген. Себебі анықталып жатыр.

    Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шығып, 12 адам құтқарылғанын жазған едік.

    ШҚО-дағы тұрғын үйден әйел мен балалардың денесі табылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram