jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Атыраудағы қазандықта болған жарылыс: зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды

    Ауруханада жатқан пациент
    Ауруханада жатқан пациент. Көрнекі фото: Virojt Changyencham/Getty Images

    Атыраудағы қазандықта болған жарылыстан зардап шеккен ер адамның жағдайы белгілі болды және келтірілген шығынды кім өтейтіні айтылды, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Атыраудың Авангард-2 шағынауданында үш қабатты ғимаратқа жапсарлас салынған қазандықта газ-ауа қоспасы жарылғанын жазған едік.

    Өңірлік ТЖД-ның мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан қазандықтан 12 метр жерде орналасқан көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің терезелері мен екі жеңіл көлікке зақым келген. Бір адам зардап шеккен.

    Атырау облыстық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Ербөлековтің агенттікке хабарлауынша, зардап шеккен ер адам медициналық мекемеге сағат 11:00 шамасында жеткізілген.

    Оның айтуынша, ер адамға аралас жарақат, беті мен жоғарғы аяқ-қолдарының күйігі және ауыр ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылған.

    "Қазір ол нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайы ауыр, дегенмен тұрақты. Барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді Еркін Ербөлеков.

    Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі агенттікке келтірілген шығынды ғимарат иесі толық өтейтінін мәлімдеген. Қазір бүлінген терезелердің өлшемдері алынып жатыр, оларды қалпына келтіру жұмысы екі мердігер мекеме тарапынан жүргізіледі.

    Ал оқиғаның мән-жайын ТЖД қызметкерлері мен полиция анықтап жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram