jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыдағы сел тасқыны тұрғындардың көзімен (фото, видео)

    : UGC

    Куәгерлер Алматыдағы сел тасқынының фотолары мен бейнежазбаларын әлеуметтік желілерге жүктей бастады деп жазады NUR.KZ.

    Сағат 03.00-де Қарғалы өзенінің деңгейі көтеріліп, Қарағайлы және Таусамалы ауылдарын су басқандығы туралы ақпарат келіп түсті деп хабарлайды 24.kz.

    Алматы ТЖД,  ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өзара әрекет ету күштерінің жеке құрамын жинау жарияланды. Бұл туралы Алматының ТЖД-сы хабарлайды.

    ҚР ІІМ ТЖК аумақтық бөлімшелерінің күштері қаланың жергілікті атқару органдарымен және азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп, су басқан аймақтардағы зардап шеккен тұрғындарды іздеу және эвакуациялау бойынша Қарғалы өзенінің маңын аралауда.

    Наурызбай ауданыдағы №176 орта мектепте және әкімдікте қабылдау бекеттері ашылып, зардап шеккен тұрғындарға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, ауызсумен және азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.

    «Қазселқорғау» ММ хабарлауынша, бөгет бұзылған жоқ. Қазіргі уақытта су шлюздерге құйылып жатыр. Қазіргі уақытта эвакуацяилау және барлау жұмыстары жүріп жатыр. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қалаға қауіп төніп тұрған жоқ.

    Жұмылдырылған күштер мен құралдар: Алматы ТЖД және «СП және СР» ММ – 240 адам, 16 техника бірлігі; Алматы ТЖД– 85 техника бірлігі; ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 28237 ӘБ, 5571 ӘБ – 86 адам; ҚР ІІМ ТЖК «Республикалық жедел құтқару отряды – 56 адам, 6 техника бірлігі; Алматының құтқару қызметі, медицина қызметі.

    Алматыдағы сел тасқыны тұрғындардың көзімен (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.