jitsu gif branding logo appbranding logo app

    ШҚО-да адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына кінәлі әйел 8 жылға сотталып кетті

    Көлік жүргізуші
    Көрнекі фото: pexels.com

    Такси жүргізуші әйел Семей-Өскемен тас жолында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан және жүргізуші куәлігінен айырылды. Апат екі ер адамның өмірін қиған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖД хабарлады.

    Ведомствода айтылғандай, Семей қаласының көлік жүргізу құқығынан айырылған 42 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы адам тасымалдаған.

    Жолаушылардың айтуынша, жолда жүргізуші жиі алаңдап, әлеуметтік желілерде хат жазысып, телефонмен сөйлескен.

    Сонымен қатар, жағдайға назар аударған ол жоғары жылдамдықпен қозғалыстағы автогрейдерді айналып өтуге шешім қабылдапты, бірақ қарсы бағытта келе жатқан Lada көлігімен соқтығысады.

    Апат салдарынан ресейлік көліктің екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы зардап шекті, оның ішінде жүргізушінің өзі де бар.

    Автоледи таксиде жұмыс істеуге шешім қабылдаған, себебі балалардың тамағына ақша керек болған деп түсіндірді.

    "Ұлан аудандық сотының үкімімен қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) әйел 8 жылға сотталды және жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейтін болады", – деді ОВ 156/16 бастығының орынбасары Дархан Биғазиев.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.