jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда жол талғамайтын көлік пен мопед соқтығысып, бір адам ауруханаға жеткізілді

    Жол апаты
    Оқиға орны. Фото: zakon.kz

    6 қазан күні кешке Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында, Достық пен Меңдіқұлов көшелерінің қиылысында жол талғамайтын көлік пен мопедтің қатысуымен жол апаты болды деп хабарлайды Zakon.kz.

    SsangYong Korando маркалы көлік жүргізушісінің айтуынша, жол апаты кезінде ол Әл-Фараби даңғылындағы сол жақ жолақпен батысқа қарай жүрген. Сол кезде оның алдынан мопед шығып қалған.

    Мопед жүргізушісі жолды бөліп тұратын сызықты кесіп, көліктің жолына кесе көлденең шыққан.

    Автокөлік жүргізушісінің сөзінше, бәрі аяқ астынан болған. Ол соқтығысудан қашуға тырысқанымен, бұл мүмкін болмапты.

    Салдарынан жол талғамайтын көлік мопедті соққан. Алған соққыдан мопед жүргізушісі 60 метрдей жерге ұшып кеткен.

    Оның бұрылмақ болғаны, дегенмен қарсы бағыттағы жолаққа қарамағаны атап өтілді.

    SsangYong жүргізушісі зардап шегушіге жедел жәрдем шақырған. Ауыр жағдайдағы жүргізушіні ауруханаға жеткізген. Қазір полиция жол апатының себебін анықтап жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.