jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында жас спортшы туған күні қарсаңында жол апатынан мерт болды

    Жол апаты
    Оқиға орны. Видеодан кадр: instagram.com/ushtobeqz

    Үштөбе маңында пауэрлифтингпен айналысатын жас спортшы қайтыс болды. Жаттығудан қайтып келе жатқан қызды көлік қағып кеткен. Бүгін ол 16 жасқа толар еді. Жол апатына қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда оң жақ рөлді иномарка мен полиция қызметкерлері көрсетілген.

    "Нашар көрінетін жерде 15 жастағы қызды көлік қағып кетті. Куәгерлердің сөзінше, ол пауэрлифтинггпен айналысқан және жаттығудан үйіне келе жатқан. Ертең ол 16 жасқа толар еді. Көңілді әрі позитивті қыз еді", - делінген жазбада.

    Алматы облысының полиция департаменті фактіні растады. Ведомствоның хабарлауынша, 9 қараша күні сағат 18.30-да Ортатөбе-Үштөбе тас жолында оқушыны қағып кеткен.

    "Toyota Mark II көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Иномарканы 27 жастағы ер адам басқарған, ол солтүстік бағытта келе жатып, Ортатөбе ауылының маңында жол апатын жасаған.
    15 жастағы қыз сол бағытта жол жиегінде келе жатқан. Жол апаты салдарынан зардап шегуші оқиға орнында қаза болды", - деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

    Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша (Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол-қозғалысы ережелерін бұзу) тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

    Алматы облысында жас спортшы туған күні қарсаңында жол апатынан мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.