jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар

    Трасса
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қызылорда облысында жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Қазақпарат.

    Қайғылы оқиға Арал ауданында тіркелген.

    Аймақ орталығындағы Бақтыбай батыр көшесінде "Жигули" мен "Mercedes" көліктері соқтығысып қалған.

    Соның салдарынан екі адам қаза тапты.

    Олардың екеуі де - Арал қаласының тұрғындары.

    Бұл ақпаратты Арал аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің басшысы Нұртай Тасқынбаев растап отыр.

    Ол тұрғындарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

    "Автокөлікті жүргізу барысында жол ережесін қатаң сақтауды сұраймыз. Жолда жүргенде абай болыңыздар", - деді Нұртай Тасқынбаев.

    Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды: Қаза тапқандар бар

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.