jitsu gif
Оқыс оқиға

    Атырау облысында жол апатынан 5 адам мерт болды

    Атырау облысы
    Фото: atpress.kz

    Атырау облысында Доссор-Құлсары-Бейнеу автожолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ATPress.kz басылымына сілтеме жасап.

    Атырау облысы ПД мәліметінше, 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тас жолының 31 шақырымында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson көліктері соқтығысқан.

    Салдарынан 1985 жылы туған Hyundai Tucson көлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында жан тапсырған.

    "Түрлі дене жарақаттарымен Toyota Hiluxe көлігінің жолаушысы облыстық ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізілуде", - дейді Атырау облысы ПД баспасөз қызметі.

    Еске сала кетсек, 15 маусымда Жамбыл облысында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты болған еді. Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 12 адам зардап шеккен болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.