jitsu gif
Оқыс оқиға

    Павлодардағы жол апатына қатысты тың дерек шықты

    жол көлік оқиғасы
    Оқиға орнынан фото: Pavlodarnews.kz

    Павлодарда адам өліміне әкелген жол апатынына қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

    Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, бірінші қаңтар күні сағат 23.30 шамасында "Павлодар-Майқапшағай" тасжолында, Кенжекөл ауылының маңында "Мазда 626" көлігі "ВАЗ 21074" көлігімен соқтығысқан.

    Салдарынан 1984 жылы туған "ВАЗ 21074" көлгінің жүргізушісі және 1986 жылы туған жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

    "Мазданың" 33 жастағы жүргізушісі және жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.

    Тәртіп сақшыларының мәліметінше, көліктер айып тұрағына қойылған. 

    Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталып, сараптама тағайындалған.

    "Мазда 626 көлігінің жүргізушісі Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторы қамауға алынды.

    Павлодардағы жол апатына қатысты тың дерек шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.