jitsu gif
Оқыс оқиға

    Ақтөбеде демалыс базасының аумағында жасөспірім қарда жүретін көлікпен бір топ адамды қағып кетті

    Қарда жүретін көлік
    Қарда жүретін көлік. Фото: pexels.com

    Ақтөбеде демалыс базасының аумағында жасөспірім қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетті. Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болып, 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала медициналық мекемеге жатқызылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Полиция мәліметінше, ағымдағы жылдың 28 қаңтары күні сағат 15:30-да демалыс базасының аумағында кәмелетке толмаған азамат қарда жүретін Lynx автокөлігін жүргізіп келе жатып, жабдықталған қар сырғымасының жанында тұрған бір топ адамды қағып кетеді.

    Полицияның ақпаратынша, оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болған. Ал 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған бала (оның ішінде біреуі 1 жасар бала) медициналық мекемеге жатқызылды.

    Қазір аталған факті бойынша Ақтөбе облысы полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.