jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы облысында 22 жастағы полиция қызметкері мерт болды

    Полицей
    Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Алматы облысында жол апатынан 22 жастағы полиция қызметкері мен екінші бір көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы аймақтың полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 17.35-те Lada Priora автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі "Сарыбастау — Үлгілі" тас жолымен келе жатып, жолдың 10 шақырымында қарсы жолаққа шығып кетіп, 22 жастағы Үшқоңыр ауылының тұрғыны басқарған Lada көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

    Апат салдарынан екі жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

    Аталған факті бойынша Жамбыл аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалық тексерулер тағайындалды.

    "Lada көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Қарасай ауданына қарасты ОҚПБ учаскелік полиция инспекторы болған. Жол-көлік оқиғасы кезінде ол кезекті еңбек демалысында болған", — деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

    Алматы облысында 22 жастағы полиция қызметкері мерт болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.