jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада "КамАЗ" алты көлікті соғып кеткен: жүк көлігінің жүргізушісі іздестірілуде (видео)

    Соғылған көлік
    Астанада соғылған көлік. Видеодан кадр: instagram.com/astana_sergek

    Бүгін таңертең әлеуметтік желіде Астанада көшеде тоқтап тұрған көліктердің соғылғаны түсірілген видеолар пайда болды. Астана қаласының полиция департаменті көліктерді соққан жүк көлігі жүргізушісінің оқиға орнынан қашып кеткенін хабарлады.

    Instagram желісіндегі "Astana Sergek 24/7" профилінде бүгін Астанадағы жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар жарияланды.

    Бейнежазбада тұраққа қойылған бірнеше көлікті көруге болады, олардың кейбіреуі қатты зақымданған. Жазбаның сипаттамасында видеоның бүгін таңертең түсірілгені айтылған. Астана полиция департаментінің хабарлауынша, КамАЗ жүргізушісі тоқтап тұрған алты көлікті қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

    "7 сәуірде таңғы сағат 08:20 шамасында К.Циолковский көшесімен Абай даңғылына қарай келе жатқан "КамАЗ" жүргізушісі тоқтап тұрған 6 көлікті қағып кеткен. Бірнеше метр жүргеннен кейін ол көліктен түсіп, оқиға орнынан кетіп қалған", - деді елордалық полицейлер.

    Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Астанадағы полиция департаменті өкілдері қазіргі уақытта жүргізушінің тұрған жерін анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданатынын атап өтті.

    Астанада "КамАЗ" алты көлікті соғып кеткен: жүк көлігінің жүргізушісі іздестірілуде (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.