jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісуда Tesla көліктерін әкеле жатқан автотасығыш аударылып қалды

    Автотасығыштағы көліктер
    Автотасығыштағы көліктер. Көрнекі фото: Karl-Josef Hildenbrand/picture alliance via Getty Images

    Жексенбі, 21 мамырда Жетісу ауданындағы Арқарлы асуында автотасығыш көлік аударылып қалды. Жергілікті полиция жол апатының мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Оқиға орнынан түсірілген кадрларды Instagram желісіндегі krisp.tdk парақшасы жариялады. Видео авторы автотасығыш жолдағы бөлу қоршауын бұзғанын, оған салынған жаңа Tesla көліктері асудан төмен қарай ұшып кеткенін айтты.

    "Автокөлік тасушы жолдың дәл ортасында аударылып қалды, сол жердегі бәрін сындырды. Көліктер төменде жатыр, жаңа көліктер құлап жатыр", - дейді видео авторы.

    Облыстық полиция департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне хабарлағандай, Scania автотасығыш көлігінің қатысуымен болған жол апаты 21 мамырда Алматы-Өскемен тас жолының 143-ші шақырымында болған.

    "Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктердің қозғалысы қалыпты режимде жалғасуда, жол жабылған жоқ", - деп хабарлады басылымға сілтеме жасаған Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Басылымның мәліметінше, автотасығыш көлігі жеті электромобилді Tesla көлігін әкеле жатқан.

    Жетісуда Tesla көліктерін әкеле жатқан автотасығыш аударылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.