jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада бес көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды (видео)

    Астанадағы ірі жол апаты
    Астанадағы жол апаты. Видеодан кадр: Іnstagram.com/kris.p.astana

    Бүгін Астанада әл-Фараби даңғылының бойында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін, 6 маусымда сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында болған.

    "Lada Largus көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Әл-Фараби даңғылымен Пушкин көшесіне қарай келе жатып, MAN және Audi 100 маркалы көлігімен соқтығысқан", – делінген хабарламада.

    Сондай-ақ полицияның мәліметінше, екі көлікпен соқтығысқаннан кейін Lada Largus жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан. Одан кейін Lada Largus көлігінің дөңгелегі ұшып кетіп, ВАЗ-21713 көлігіне соғылған.

    "Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla көлігінің 42 жастағы жүргізушісі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Lada Largus жүргізушісі медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді", – деп толықтырды ведомстводан.

    Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.