jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Тас жолда өртенген көліктен адамдарды кімнің құтқарғаны белгілі болды (видео)

    жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

    Әлеуметтік желіде өртенген автокөлік ішіндегі адамдарды құтқарған адамның видеосы таралған болатын. Аталған видеоға қатысты Polisia.kz сайты түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сайт мәліметінше, жол апаты Астана-Щучинск тас жолында болған.

    "24 маусым сағат 17:00 шамасында полиция басқармасының кезекші бөліміне Щучинск қаласы бағытындағы Астана-Щучинск автожолында екі автокөліктің қатысуымен ЖКО болғандығы туралы телефон хабарламасы келіп түсті.

    Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары жол-көлік оқиғасы Астана-Петропавл автожолының 102 шақырымында болғанын анықтады.

    39 жастағы Exceed TXT автокөлігінің жүргізушісі Көкшетау қаласы бағытында жүріп келе жатып, қашықтықты сақтамай, ілеспе бағытта келе жатқан Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқаны анықталды.

    Нәтижесінде, Daewoo Nexia автокөлігі өртеніп, 39 жастағы Exceed автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушыға өртенген көліктен шығуға көмектесті.

    Cалдарынан 24 жастағы жүргізуші мен 32 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. Тексеруден кейін жолаушы үйге жіберілді. Жүргізуші жансақтау бөлімінде.

    Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды", - делінген хабарламада.

    Тас жолда өртенген көліктен адамдарды кімнің құтқарғаны белгілі болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.