jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Атырауда жол апаты салдарынан анасы мен екі қызы қаза тапты

    жол апаты
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Атырау-Индер тас жолында көлік пен КаМАЗ соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.

    Қайғылы оқиға бүгін, 18 шілде сағат 15:30 шамасында болған. Атырау-Индер тас жолының 123 шақырымында Toyota Camry және КаМАЗ жүк көлігі соқтығысты.

    Жол апаты салдарынан Toyota көлігінде болған үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болып, жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Қайтыс болған жолаушылар анасы мен 1 және 15 жастағы қыздары. Олар БҚО тұрғыны болған.

    Аталған факті бойынша сотқа дейін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    "Полиция кез келген жағдайда жол қауіпсіздігін сақтау қажеттігін ескертеді. Ауа райы жауын-шашын болған жағдайда жылдамдықты шамадан тыс асырмай, көліктер арасындағы арақашықтықты сақтаңыздар", - деп мәлімдеді полициядан.

    Атырауда жол апаты салдарынан анасы мен екі қызы қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.