jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Жетісу облысында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты

    жол апаты
    Оқиға орнынан фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Жетісу облысында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы POLISIA.KZ Телеграм-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жол көлік оқиғасы Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында тіркелген.

    "38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлді басқара алмай, басып озу маневрін жасай отырып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысып, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты", - делінген хабарламада.

    Салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапқан.

    Сонымен қатар үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

    Жетісу облысында болған жол апатынан 4 адам қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.