jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    3 айлық нәресте көз жұмды: Қостанайда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

    ДТП в Костанае
    Место происшествия. Кадр из видео: t.me/POLICE_of_KZ

    17 тамыз күні Қостанайда болған жол апатынан үш айлық сәби көз жұмды. Бұл туралы ІІМ Telegram арнасында хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, жол апаты сағат 00:05 шамасында Алтынсарин және Тәуелсіздік көшелерінің қиылысында болған.

    ВАЗ 21099 көлігін тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші Алтынсарин көшесімен келе жатып, солға бұрылған кезде 24 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Toyota Camry көлігіне жол бермеген.

    Нәтижесінде Toyota 31 жастағы жүргізуші тізгіндеген Volkswagen Golf автокөлігімен соқтығысқан.

    Жол апаты салдарынан Toyota-ның жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

    "Сондай-ақ көлікте 3 айлық нәресте болған. Ол алған жарақаттың ауырлығына байланысты қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Одан бөлек, Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

    Ескерту! Видеода жантүршігерлік кадрлар бар. Оны психикасы әлсіз, 18 жасқа толмағандар мен аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды.

    3 айлық нәресте көз жұмды: Қостанайда жантүршігерлік жол апаты видеоға түсіп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.