jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар": Қостанай облысында шағын автобус пен бульдозер соқтығысты

    Қостанай облысындағы жол апаты болған жер
    Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Қостанай облысында Toyota шағын автобусы мен бульдозер соқтығысып, салдарынан 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасы хабарлады.

    ІІМ мәліметінше, жол апаты 24 тамызда Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында болған.

    Анықталғандай, Toyota шағын автобусы Жітіқарадан Қостанайға бара жатқан. Жолда оның жүргізушісі бульдозермен соқтығысқан.

    Салдарынан шағын автобус жүргізушісі мен үш жолаушы оқиға орнында қайтыс болған. Үш жолаушы Рудный қаласының ауруханасына жатқызылған.

    Сондай-ақ полиция қызметкерлері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын, бірқатар жол белгісін елемегенін, сонымен қатар жол қозғалысы жабық технологиялық учаскеге өткенін анықтаған.

    ІІМ аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    "Қаза тапқандар мен жарақат алғандар бар": Қостанай облысында шағын автобус пен бульдозер соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.