jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    "Алматы-Қорғас" тасжолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті (видео)

    Жаркент қаласы маңында болған жол апаты
    Жаркент қаласы маңында болған жол апаты. Видео кадры: polisia.kz

    Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында болған. Екі бірдей Audi көлігі соқтығысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Оқиға орнынан ауруханаға бес адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.

    Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тасжолының 336-шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінің дөңгелегі жарылып, салдарынан жүргізуші тізгінге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берген.

    Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің құтқарушылары сөндіргені айтылады

    Полиция апаттың барлық мән-жайын мұқият анықтап жатыр.

    "Алматы-Қорғас" тасжолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.