jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қостанайда бір отбасы отырған көлік траншеяға түсіп кетті (фото, видео)

    Траншеяға түсіп кеткен көлік
    Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

    Қостанайда полиция көлік түсіп кеткен траншеяның мердігерін анықтады, деп хабарлайды ІІМ Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында.

    Ведеомство мәліметінше, 22 қарашада таңғы сағат 9.00 шамасында Летунов көшесіндегі үйлердің бірінің маңында Infiniti автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі траншеяға түсіп кетткен.

    "Көлікте отбасы, оның ішінде бала болған. Апат салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті.

    Полиция кабель төсеу бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізген мердігер ұйымды анықтады. Оқиға орнында тиісті жол белгілері болмаған", - делінген хабарламада.

    ІІМ өкілдері зардап шеккендерге сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданатынын мәлім етті.

    Қостанайда бір отбасы отырған көлік траншеяға түсіп кетті (фото, видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.