jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркияда ірі жол апаты болды: 11 адам қаза тапты

    Түркияда болған ірі жол апаты
    Түркияда болған ірі жол апаты. Фото: trthaber.com

    Түркияның солтүстік-батысында көліктер бірінен соң бірі соқтығысқан ірі жол апатынан 11 адам қаза тауып, тағы 60-қа жуық адам зардап шеккен.

    TRT Haber телеарнасының мәліметінше, жол апаты Солтүстік Мармара тасжолында Сакария ауданында болған.

    "7 автокөлік соқтығысқан апат салдарынан 10 адам қаза тауып, 59 адам зардап шекті. Апат қалың тұманға байланысты болды", - делінген хабарламада.

    Сондай-ақ зардап шеккендер ауруханаларға жеткізіліп, аймақтағы төтенше жағдайлар бригадаларының жұмысы жалғасып жатқаны белгілі болды.

    РИА Новости хабарына қарағанда, апаттан қаза тапқандар саны - 11. Апат болған Сакария муниципалитетіндегі басылымның хабарына сенсек, алдын-ала мәліметтер бойынша, 57 адам жарақат алған, олардың арасында туристер жоқ.

    Өз кезегінде Түркияның әділет министрі Йылмаз Тундж Х әлеуметтік желісінде Сакарияның Бас прокуратурасы оқиғаны тергеуді бастағанын хабарлады. Ірі жол апатының нақты себептері әлі белгісіз.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.