jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Оралда жаппай жол апаты болды: қаза тапқан адам бар (видео)

    Орал, жол апаты
    Орал, жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/policebqo

    Кеше кешке Оралда үш көлік соқтығысты. Зардап шеккен бес адамның бірі ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Құқық қорғау органдарының мәліметіне сүйенсек, 6 қаңтар күні сағат 20:05 шамасында Оралдағы "Оқтан" жанар-жағармай құю бекеті маңындағы айналма тасжолда үш көліктің қатысуымен жол апаты болған.

    "Жол апатынан бес жолаушы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Бір жолаушы ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болды", - делінген хабарламада.

    Қазір бұл факт бойынша Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

    Оралда жаппай жол апаты болды: қаза тапқан адам бар (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.