jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Атырау облысында ірі жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қайтыс болды

    Жедел жәрдем
    Жедел жәрдем. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Атырау облысында төрт көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Салдарынан жедел жәрдем көлігінде келе жатқан медицина қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ірі жол апаты 9 қаңтар күні сағат 18:40 шамасында Доссор – Бейнеу тасжолында орын алған.

    "1995 жылы туған азамат тізгіндеген "ГАЗель" автокөлігі жедел жәрдем көлігімен, ал 1993 жылы туған азамат тізгіндеген IVECO көлігі Rolfo Sirio көлігімен соқтығысты", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.

    Оқиға салдарынан 1964 жылы туған жедел жәрдем қызметкері оқиға орнында көз жұмды. Қазір тиісті құжаттар жинақталуда.

    Айта кетерлігі, бұған дейін "ГАЗель" көлігі мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    Атырау облысында ірі жол апатынан жедел жәрдем қызметкері қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.