jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Боран салдарынан Қазақстанның солтүстігінде 5 көлік соқтығысты

    Көлік апаты
    Ақмола облысында болған жол апаты. Фото: instagram.com/dorogi_karagandy

    Ақмола облысындағы трассада үш жүк көлігі мен екі жеңіл автомобиль жаппай апатқа ұшырады. Бұл туралы облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Мұндай хабарлама Dorogi_karagandy Instagram-паблигінде жарияланды. Кадрларда - боранда болған апат көрсетілген. Онда жүк көліктері мен жеңіл көліктерін байқауға болады.

    Ақмола облысының полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісі бұл апат бүгін таңертең Екатеринбург-Алматы автожолында болғанын хабарлады.

    "8 ақпанда сағат 09:40-та Аршалы ауданының полиция бөліміне Жалтыркөл ауылының маңында бірнеше автокөлік ұшыраған ЖКО болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Жалтыркөл ауылының маңындағы Екатеринбург-Алматы автожолының 1299 шақырымында боран мен нөлдік көріну салдарынан 5 автокөліктің, оның ішінде 3 жүк және 2 жеңіл машинаның жол-көлік оқиғасына ұшырағанын анықтады. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, апта аяғына дейін Қазақстан бойынша қолайсыз ауа райы сақталады. Елдің солтүстігінде желдің екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

    Боран салдарынан Қазақстанның солтүстігінде 5 көлік соқтығысты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.